Zeekr Қазақстанда ресми сату нүктелерін ашады

30 қарашада Алматыда Zeekr премиумды брендтің таныстырылымы өтті. Қазақстанның жетекші авторетейлерлерінің бірі және Zeekr ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобы брендтің технологиялылығы мен инновациялылығына ғана емес, оның экологиялық тазалығына да басымдық бере отырып, интеллектуалды электромобильдерге ерекше көзқараспен қарауды ұсынды. Іс-шара тұжырымдамасы Zeekr брендінің философиясының айналасында құрылды: INSPIRED BY NATURE & EVOLUTION.

Zeekr-дің негізгі құндылықтарының бірі - адамның, технологиялардың және табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне ұмтылу. Заманауи премиумды электромобильдер брендін құра отырып, әзірлеушілер ерекше жайлылық пен сенімділік деңгейін, жоғары жүріс қорын және қоршаған ортаға мейірімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасады. Айрықша сыртқы келбет пен спорттық мінезге ие Zeekr электромобильдері бензин шығындарын қажет етпейді және атмосфераны пайдаланылған газдармен ластамайды.

Таныстырылымда сөз сөйлеген Zeekr International Азия-Тынық мұхиты аймағының бас директоры Ю Цао Zeekr Қазақстанда ресми түрде ұсынылған интеллектуалды электромобильдердің алғашқы премиум бренді болғанын атап өтті.

«Zeekr брендінің тұжырымдамасында болашақтың инновациялары мен бізді қоршаған табиғатқа қамқорлық үйлесімі бейнеленген және біз бізбен бірге Қазақстанда бренд тарихын құратын Orbis Auto тұлғасындағы серіктестеріміздің осы құндылықтарды ортақтасатынына өте қуаныштымыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында сатып алушылар Zeekr электромобильдерінің премиумды жарақтандырылуын және корпоративтік стандарттарға сәйкес көрсетілетін сервистің жоғары деңгейін және Zeekr өнімдері мен қызметтерін ресми пайдалану арқылы қол жеткізуге болатын преференциялардың толық тізімін бағалай алатынына сенімдіміз», – деп атап өтті Ю Цао.

Таныстырылым барысында Қазақстандағы Zeekr ресми дистрибьюторы алғашқы ресми сату нүктелерінің ашылғанын жариялады. Zeekr-дің алғашқы сату нүктесі Алматыда Forum СОО-да 30 қарашада ашылатыны атап өтілді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Zeekr ресми сату нүктелері Астанада Talan Gallery Mall-да және Қарағандыда – Global City СОО-да, сондай-ақ Қостанайда Абай, 111 мекенжайы бойынша және Атырауда Әбілқайыр хан даңғылы, 91 мекенжайы бойынша PopUp store Zeekr фирмалық сауда нүктелері ашылады.

Қазақстандағы Zeekr ресми дистрибьюторының директоры Евгений Беляковтың айтуынша, барлық бес ресми сату нүктесі алдағы екі-үш аптада ашылады, ал 2024 жылдың соңына дейін брендтің ресми сату және сервистік қызмет көрсету нүктелері еліміздің сегіз қаласында пайда болады. «Біз қазірдің өзінде Zeekr 001 және Zeekr Х модельдеріне алдын ала тапсырыстар қабылдап жатырмыз. Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін электромобильдерді сатып алушылар өндірушіден тиімді кепілдік шарттарын және уәкілетті орталықтарда техникалық қызмет көрсетуге қолжетімділікті алады. Біздің мамандар Қытайда оқытылды және толық сервистік қолдау көрсетуге дайын», – деп түсіндірді Евгений Беляков.

Ресми таныстырылым аясында Zeekr өзінің модельдік желісінен екі электромобильді ұсынды: Zeekr 001 және Zeekr Х. Екі модельге де алдын ала тапсырыс қабылдау 8 қарашада басталды, ал ҚР-ға алғашқы ресми жеткізілімдер 2023 жылдың желтоқсанында күтілуде.

Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін Zeekr 001 тапсырысқа екі толық жетекті жиынтықта қол жетімді: Premium және Flagship. Premium жиынтықталымының құны 28 650 000 теңгені құрайды. Алғашқы 100 иесіне алдын ала тапсырыс беру кезеңінде арнайы ұсынысты ескере отырып, Zeekr 001 бағасы 28 050 000 теңгені құрайды. Flagship жиынтықталымындағы Zeekr 001 бағасы 31 600 000 теңгені құрайды, арнайы ұсыныстың қолданылу кезеңінде – 31 000 000 теңгеге.

Premium жиынтықталымындағы Zeekr X электр кроссоверін 18 500 000 теңгеге, Flagship жиынтықталымында 20 250 000 теңгеге сатып алуға болады. Арнайы ұсынысты ескере отырып, баға тиісінше 18 200 000 теңгені және 19 950 000 теңгені құрайды.

Zeekr электромобильдері Қытайдың Нинбо және Чэнду қалаларында автомобиль өнеркәсібінің озық кәсіпорындарында шығарылады. Қазақстанға жеткізілетін барлық ресми Zeekr электромобильдеріне зауытта орыс тілінде ыңғайлы және интуитивті түсінікті интерфейс орнатылған. Олар Type 2 зарядтау жалғағышымен жабдықталған және белсенді және пассивті қауіпсіздікті бағалайтын (Euro NCAP) тәуелсіз краш-тесттерін жүргізу жөніндегі Еуропалық комитеттің 5 жұлдызды қауіпсіздік стандарттарына сәйкес шығарылады. Сонымен қатар барлық ресми Zeekr электромобильдерінде Көлік құралының түрін мақұлдау сертификаты (КҚТМ) бар.

Брендтің электромобильдерін ресми дилерден сатып алған кезде қазақстандық сатып алушылар бірегей кепілдік шарттарын алады – Zeekr электромобиліне 5 жыл немесе 100 000 км және батареяға 8 жыл немесе 200 000 км.